Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Анасы Денис Теннің ісіне қатысы бар бойжеткенге іздеу салды

Анасы Денис Теннің ісіне қатысы бар бойжеткенге іздеу салды
ашық дереккөз
Санжар Мәдиев өзінің бірнеше рет АІІБ бөлімінде болғанын айтып қалды.
Актер Санжар Мәдиев Денистің анасының өтінішін жеткізіп, тағы бір куәгер қызды іздеп табуға халықтан көмек сұрады, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі. «Бір ой мен бір өтініш: Достар, ашуымыз толық тарқап барады. Десе де, жанымыздың қылмыскерлер өз жазасын алғанын тілеп жүргені рас. Мен қорқыныштан үндемей отырған және оларды ақтап отырған азаматтарды түсінемін. АІІБ-ге бірнеше рет түстім, ол жерде жағдай қандай екенін жақсы білемін. Адамды 10 сағат сусыз және нансыз ұстап, оған нәжіс секілді қарайды. Куәгер болғанның өзінде кінәлі секілді қарайды. Біздің жүйе осындай. Одан ешкім сақтандырылмаған. Олармен ешкім байланысқа түскісі келмейтінін де білемін. Бұл өзің үшін керек. Барлық мағынада айтып тұрмын. ІІМ-нің қайта реформаланғанын қалаймын. Грузияның қолынан келді, сол себепті мұнда менталитетті араластырмайық. Ал әзірге тек өзімізге үміт арта аламыз», - деді Санжар Мәдиев. Әрі қарай жұлдыз тағы да бір куәгердің іздестіріліп жатқанын айтты. Ол бойжеткен өзінің нөмірін қалдырған екен. Алайда біраз уақыттан кейін тұтқасын көтермей қойған. «Енді өтінішімді айтайын. Оқиғаның бірінші куәгері Әсел есімді қыз еді. Өзін осылай таныстырды. Бізге келесі нөмірді қалдырды: 87075788643. Бірақ оны көптен бері ала алмай отырмыз. (Полицияның көмегімен нөмірі арқылы іздеп көруге болады. Бірақ...) Ол жалған нөмір қалдырған болуы да мүмкін. Бәлкім қобалжимын деп нөмірін қате айтқан шығар. Ол қызды білсеңіздер, осы нөмірді тексеріп көріңіздерші. Денистің анасы оны іздеп жатқанын жеткізіңіздерші. Маған хабарлассыншы, өтініш. Бұл өте маңызды. 87075788643 Әсел», - деді актер. (Суреттегі бойжеткеннің материалға қатысы жоқ).
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар