Басты жаңалықтар

Айгүл Иманбаева төсекте қандай «трюктарымен» таңғалдыратынын айтты

Әнші төсекте жалғыз ұйықтауға тырысады екен.

Айтуынша, Айгүл Иманбаева демалысқа туысқандарымен де, достарымен де барғанды ұната бермейтіндердің қатарынан. Оның басты себебі әнші әрі актрисаның жұрт білмейтін құпиясымен байланысты екен. Дәлірек айтсақ, Айгүл ханым гәстрөлдер мен іссапарларға барса да, міндетті түрде қонақүйге жалғыз тоқтағанды ұнатады, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасына сілтеме жасап. «Мен ұйқы сұрайтын адамның сортынанмын. Түнде жүріп, бөлмеден шығып кетемін. Менің директорым Жазира бұл құпиямды біледі. Сол себепті, біреумен бір бөлмеде болмауға тырысамын. Өйткені шошытып алуым мүмкін. Бала кезімізде жерге сулы шүберекті төсеп қоятынбыз. Кішкентай кезімде шығып кетсем, мамам оятпай әкеліп жатқызып қоятын. Әлі сондай жағдайым бар. Сол себепті, қыздармен бір бөлмеде болмауға тырысамын. Жазира қасыма бір күн ұйықтап, төсекте сондай «трюктарымды» көргеннен кейін қашып кеткен келесі бөлмеге. Үйде қасымда ешкім болмай қалған кезде есікті құлыптап, кілтті тығып барып жатамын. Ең болмағанда далаға шығып кетпейінші деп. Бала кезімде ондай кездер де болған», - дейді Айгүл Иманбаева.