Шетелдік күйеуімен ажырасқан «Қоңыр» тобының экс әншісі жұмыссыз жүр ме?
Әріптестері оның жағдайы туралы баяндады.
Бір жарым жыл бұрын шетелдік азаматқа тұрмысқа шығып, артынша ажырасып, Қазақстанға қайта қоныс аударған Жазира Қошанованың жұмыссыз жүргені айтылған-ды. Алайда топтағы бұрынғы әріптестері оның жағдайы жақсы екенін жеткізді, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасына сілтеме жасап. «Жазирамен хабарласып, бір-біріміздің жағдайымызды сұрастырып тұрамыз. Қазір ол Түркістан қаласында жүр. Құдайға шүкір, жағдайы жақсы. Қазір жеке шығармашылық жұмысын бастап кетті. Ол да ұстаз көрген. Оның үстіне «Қоңыр» тобымен 10 жылдай үлкен сахналарда жүріп қалыптасқан қызымыз Жазира жерде қалмайды деп ойлаймыз. Жазираның жеке шығып жүргеніне бір жылдан асты. Гүлзаттың «Қоңыр» тобына келуіне себепші болған Жазира қызымыз. Оны топқа қосу туралы ұсыныс болған жоқ. Сұрап жатса, ойланып көретін жағдай екен», - дейді «Қоңыр» тобының әншісі.