Басты жаңалықтар

Ұшақ апаты: Жермен-жексен болған әуе көлігінің барлық жолаушылары дін аман қалды (фото)

Мексикадағы Виктория-де-Дуранго қаласындағы әуежайынан ұшқан ұшақ апатқа ұшырады. Зардап шеккендер жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілді

Мексикадағы Виктория-де-Дуранго қаласындағы әуежайынан ұшып шыққан ұшақ апатқа ұшырады. Абырой болғанда, штат губернаторы Хосе Росас Аиспуроның айтуынша, жолаушылардың барлығы дін аман.

Жергілікті БАҚ журналистерінің мәлімдеуінше, жолаушылардың басым бөлігі ұшақ салонынан өз бетінше шыққан.

 width=

Мексика денсаулық сақтау министрлігінің алдын ала болжамы бойынша, 85 адам жарақат алған. Зардап шеккендердің барлығы жуық маңдағы ауруханаларға жеткізілген.

Ал әуежайдың OMA Aeropuertos оператор компаниясының мәлімдеуінше,  апатқа басты себеп қолайсыз ауа-райы болу мүмкін.

Ұшақ ұшу-қону жолағынан әуеге көтеріле сала апатқа ұшыраған. Апат орнынан түсірілген суреттерге қарағанда, ұшақ отқа оранған көрінеді. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.