Жансүгіровтың сүйегі табылды ма: Алматы облысының тұрғындары адам қаңқаларын тапты
Алматы облысының Жаңалық ауылында бұрын саяси-қуғын сүргін құрбандары жерленген еді. Қазір табылған адам қаңқасы Ілияс Жансүгіровтікі деп болжануда.
Төрт жарым мың саяси қуғын-сүргін құрбандары жерленді деген аймақтан адам қаңқалары табылды. Ауыл тұрғыны Мұрат ауласынан осыдан 40 жыл бұрын жұдырықтай алтын табылған болатын. Енді адам сүйектері де шығып отыр. Тұрғындар табылған сүйек Жансүгіровтікі болуы мүмкін деп отыр. Себебі табылған көзілдірігі ұқсайды екен. Жанында былғарыдан тігілген мәсі мен тиын ақшасы болған. Тарихшылар тұрғындардың сөзі шындыққа әбден жақын болғанымен, оны енді сараптама қорытындысы анықтайтын болады дейді. “Біз Ілияс Жансүгіровтың көзілдірігімен салыстырсақ соған ұқсайды. Сол кісі ма, оны археолгия іздеп табатын шығар деп ойлаймын. Осы жерде біздің ақсүйек адамдар жатыр. Міне мынау оқтар жиналып қалған бір жерде. Ата берген ата берген” , – дейді ауыл тұрғыны. “ДНК сараптаманы жүргізуге болады. Өйткені ол кездегі белгілі адамдардың ұрпақтары бізде әлі бар. Тірі. Сондықтан толық анықтауға болады. Кей жерлерде шұңқыр біткенге тастап бетін топырақпен жаба берген. Сондықтан бұндайлар әлі де табылуы мүмкін”, – дейді “Әділет” тарихи-ағарту қоғамы төрағасының орынбасары Бейбіт Қойшыбаев. Саяси қуғын-сүргінге 25 мың қазақ азаматтары ұшырады, олардың 4 жарым мыңы Жаңалық ауылында жерленді. Алайда ешбірінің сүйегі анықталмаған. Оқиға орнында құрылыс жұмыстары тоқтап тұр. Мұнда әлі де бірнеше адамның сүйегі жатқаны белгілі Оны жақын арада комиссия анықтайтын болады.