Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Инста блогер: Динара біреудің күйеуін тартып алды, Денисті өлтіргендерден айырмашылығы жоқ

Инста блогер: Динара  біреудің күйеуін тартып алды, Денисті өлтіргендерден айырмашылығы жоқ
ашық дереккөз
Танымал блогер отбасын жасырын ұстайтын әнші Динара Cұлтанның бар құпиясын ашты
Денис Тен қайтқалы бері, ел арасында қалалықтар мен ауылдан келгендер тай-таласы өршіп кетті. Қалада туып өскен, өздерін оқыған азаматтар санайтындар "ауылдан келгендерді Алматыға кіргізбеу керек" дегенді айтып жатты. Әрине, бұл жайттар қоғамды, соның ішінде блогерлерді жай қалдырмады. Мысалы, Алишер Елікбаев өз интаграм постында өзінің ауылдан келгенін айтып, мұндай сөздерді араңдату деп бағалап, тату өмір сүруге шақырды. Осы тұрғыда танымал блогер Дания Меденова да ойымен бөлісіпті. Бірақ кейіннен ол постты белгісіз себептермен өшірген екен. Дания өз жазбасында жергілікті емес алматылықтар мен ауылдан келгендердің айырмашылығын мысал келтіре түсіндірмек болған.  width= Жергілікті емес алматылық деп жоғарыда айтылған блогер Алишер Елікбаевті мысалға алған. "Ол жергілікті емес, бірақ өте білімді, оқыған азамат. Тәрбиелі, ҚазҰУ-дың журналистика факультетін тәмамдап, Кимеп-ке түскен.  Қазақстанда алғаш рет "блогер" мамандығын енгізген. Нұрлан Смағұловтың қолдауымен пиар мамандығының шыңында жүр", - деп, блогер жергілікті еместерді қандай болатынын жазған. Дания Меденова келесі бір сөзінде: "Ал, тағы да Динара Сұлтан сынды ауылдан келгендер бар. Ата-тегі, үй-күйі жоқ біреулер. Қайдағы оқыған? Қайдағы мансап? Мұның бәрі кімге керек? Одан көрі Алматыға келіп, автокөліктердің айнасын, магнитолаларды, біреудің күйеулерін, чемпиондардың өмірін ұрлаған дұрыс қой", - деп мысқылдап ашу-ызасын білдірген. Сөз соңында, блогер қыз екіншілерден жиіркенетінін ашық айтқан.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар