Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Шымкентте кешіккен пойызды вокзалда күткен жолаушылар жерде ұйықтауға мәжбүр болды

Шымкентте кешіккен пойызды вокзалда күткен жолаушылар жерде ұйықтауға мәжбүр болды
ашық дереккөз
Кешіккен пойызды вокзалда күтіп қалған жолаушыларға кез-келген бос жерге жауғасуға тура келді
Шымкент – Астана  жолаушылар пойызының вагондары рельстен шығып кетуіне байланысты адамдарға перронда түнеуге тура келді. Жамбыл облысында  күні кеше жүк көлігі вагондары рельстен шығып кетуіне байланысты бес жолаушылар пойызы кешігіп келді.  width=
Жолаушылардың сөзінше, олар кешкі сағат алтының кезінде елордаға аттануы керек еді. Алайда, жүк көлігі пойызы барлық жоспардың күл-талқанын шығарыпты.  Ал жолаушылар  пойыздың қай уақытта жолға шығатынын білмей, басым бөлігі вокзалда қонуға шешім қабылдаған. . Жергілікті саудагерлер болса,  бұл жайтты құр жібермеді. Азық-түлік бағасын барынша көтеріп қойды.  Нан қымбаттап, ауыз су бағасы екі есе артқан. Ал тез пісірілетін кеспе үш-төрт есе артық бағамен сатылып, құны 400 теңгеге жетті. Тіпті әжетханаға бару үшін де жолаушылар ақша төлеуге мәжбүр болыпты. "Шымкент" станциясының басшысы араласқаннан кейін ғана әжетхана тегін болған. Жолаушыларға күту залында, "ана мен бала" бөлмесінде, перрондағы орындықтарға, көгалға түнеуге тура келді.
Кейбіреулерге ақшасын қайтарып беріпті – билет құны жеті мың теңгеден астам болса да, адамдарға бес мыңнан қайтарылды. Ал олардың көпшілігі билетті алып-сатарлардан 17 мен 22 мың теңге аралығында сатып алған екен.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар