Шымкентте кешіккен пойызды вокзалда күткен жолаушылар жерде ұйықтауға мәжбүр болды
Кешіккен пойызды вокзалда күтіп қалған жолаушыларға кез-келген бос жерге жауғасуға тура келді
Шымкент – Астана жолаушылар пойызының вагондары рельстен шығып кетуіне байланысты адамдарға перронда түнеуге тура келді. Жамбыл облысында күні кеше жүк көлігі вагондары рельстен шығып кетуіне байланысты бес жолаушылар пойызы кешігіп келді.
Кейбіреулерге ақшасын қайтарып беріпті – билет құны жеті мың теңгеден астам болса да, адамдарға бес мыңнан қайтарылды. Ал олардың көпшілігі билетті алып-сатарлардан 17 мен 22 мың теңге аралығында сатып алған екен.