Айару Бақытбек: Құрдастарымның ақылына зәру емеспін
Баян Алагөзованың қызы тек өзін ғана тыңдайтынын жеткізді.
Баян Алагөзова сұхбаттарының бірінде кенжесінің ақылдылығына таңғалатынын айтқан-ды. Сондай-ақ, қызының бала күнінен боянатыны белгілі. Ал Айару Бақытбектің өзі, расымен де, ешкімнің ақылына зәру еместігін айтады, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі. «Құрдастарым туралы айтар болсам. Жақсы кеңестер айтатын досым болғанын қалаймын. Бірақ ешкімнің кеңесін жоғары бағаламайтынымдықтан, мұндай өмірімде болады деп ойламаймын. Мен үшін бір ғана дос пен ақылшы бар. Ол – өзім. Ешнәрсе өзгерткім келмейді, бірақ бәрібір күтемін. Мәңгілікті сезініп жатқандаймын ба?» - дейді Айару Бақытбек. Бойжеткеннің бұл сөздері кей желі қолданушыларының ашуына тиген сияқты. «Өзгелердің кеңесін керегіңе жарата алмасаң, оны күтіп нең бар», «Барлығын анасы жасап беріп жатыр, мақтаншақтық қой», «Көздеріңнің түсі әртүрлі. Бұл сондай әдемі көрінеді», «Айару көз алдымызда өсіп келеді», «Кеңес айтатын адам табылғанымен, жақсы дос табу қиын» деп жазды желі қолданушылары.