Басты жаңалықтар

Ұлықпан Жолдасов Данелия Тулешоваға арнап ән жазып жатыр

Айған Жолдасова: «Композитор нағыз әншімен жұмыс жасағанда қанаттанады, творчествалық идеялар туады»

Ұлықпан Жолдасов Украина елінде өткен байқауда жеңіске жеткен Данелия Тулешоваға арнап ән жазып жатыр, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі. Бұл жаңалықты Айған Жолдасова әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы хабарлап, жас әншіге шығармашылық табыс тіледі. «Композитор нағыз әншімен жұмыс жасағанда қанаттанады, творчествалық идеялар туады. Әлемдік деңгейде айтатын Данелия қыздарымыздың  болашағы жарқын. Елімізді, xалқымызды, қазақ өнерін әлемге танытады деген үміттеміз! Сәттілік, Данелия», - деп жазды Айған Жолдасова. Әзірге сазгердің туындысы қашан дайын болатыны белгісіз. Десе де желі қолданушылары тандемді асыға күтетіндерін жазып жатыр.