Басты жаңалықтар

«Кубиктерің құтты болсын». Исабекова жұртты дене сымбатымен тамсандырды

Әнші екіұшты жазба қалдырды. Оны кімнің суретке түсіргені беймәлім.

Әлеуметтік желі қолданушыларын жартылай жалаңаш суреттерімен таңғалдырғанды ұнататын Мақпал Исабекова бұл жолы да бұрынғы әдетіне басты. Сынауға құмар желі қолданушылары бұл жолы әншінің дене бітіміне ерекше қызыққандарын жарыса жазып жатыр, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі. «Бір рет қыдыруға жібермеппін. Қолында фотоаппаратпен туғандай фотограф болып кетті міне», - деп жазды ол суретінің тұсына.  width= Көпшілік әншінің «кубиктеріне» назар аударған екен. «Кубиктерің құтты болсын, Макося», «Сізді икс фактордан бір көріп жақсы көріп қалдым. Сіз менің кумирімсіз», «Мақпал, пресіңіз қандай әдемі», «Мақпал, кубиктеріңе лайк бастым» деп жазды желі қолданушылары.