Абай Бегей: Ұрылар Алла алдындағы жауаптарының тым ауыр екенін білсе ғой
Әнші көлік ұрыларының құрбаны болды.
Абай Бегей өзінің көлік ұрыларының құрбаны болғанын жазды. Айтуынша, олар ешкімге керек емес деген көлік бөлшегін алып кеткен. Десе де, әнші ұрыларға қатысты жазаны күшейтуді ұсынды, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі. «Қайырлы таң. Ұрыларға жазаны күшейтпесе тоқтатар емес. 1960 жылғы автокөліктің дөңгелектеріндегі резіңке және т.б. бөлшектері ешкімге керек емес деп ойлайтынмын. Егер тез арада жазаны күшейтпесе, талай адамның өліміне себепші болмасына кім кепіл? Менің ештеңем кетпес, бұйырса сатып алармын. Біреудің бір нәрсесін ұрлаудың Алла алдындағы жауабы тым ауыр екенін білсе ғой», - деп жазды Абай Бегей. Көпшілік әншінің пікірін қоштай түсті. Естеріңізге сала кетсек, 19 шілде күні Денис Тен көлік ұрыларының қолынан көз жұмған болатын.