Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алтынай Жолдыбаева: Аяғым әдемі екенін мойындаймын

Алтынай Жолдыбаева: Аяғым әдемі екенін мойындаймын
ашық дереккөз
Әнші неліктен аяғын көтеріп суретке түсетінін түсіндірді.
Алтынай Жолдыбаева жуырда Instagram желісіндегі парақшасына аяғын аспанға көтеріп түскен суретін жариялаған болатын. Аталған сурет көпшіліктің талқысына түсіп, жұрт әншіні әбден сынады, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі «Ойбайlife» бағдарламасына сілтеме жасап. Аяқ киімнің жарнамасы үшін аяқ көтерудің қаншалықты қажеті барын Алтынай Жолдыбаева өзі түсіндірді.  width= «Біріншіден, мен ол суретте жатын бөлмеде, төсектің үстінде жатырмын. Төсекте әдетте секіремін, жатамын, отырамын. Қаншалықты провакация екенін білмеймін. Бірақ, аяғым әдемі екені рас. Оны өзім мойындаймын. Екіншіден, жұрттың көңілін барынша аяқ киімге аудартқым келді. Сондықтан да аяғымды жоғары көтердім. Менің аяғымда қара аяқ киім әдемі көрінді. Ақырында сондай сурет саламын деп шештім. Шыны керек, бірінші қараған кезде аяққа көз түседі», - дейді Алтынай Жолдыбаева.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар