АҚШ елшілігі Лондон қаласында аукционға дәретxана қағазын шығарды
Американдық елшілік Лондонда өткен аукционға мыңнан аса дәретxана қағазы орамын қойған.
Бұл жайлы The Independent жазады. Орама түсініктемесінде қағаз жаңа, пайдалынбалған деп жазылған. 31 шілде, сейсенбі күні ортасына қарай қағаз орамын сатып алуға 21 өтініш түскен. Ең қызығы, қағаз бағасы базардағы бағадан арзан болып шықты. Аукционада 152 фунт стерлинг тұратын қағаз орамы дүкендерде орта есеппен 485 фунт тұрады екен. Баспаның ақпаратына сүйенсек, елшілікте мұндай жыл сайын өткізілетін аукцион дипломаттардың ұсталған немесе қажет емес заттардан қаражат көруіне мүмкіндік береді. Дәретxана қағазынан бөлек аукционға 41 лот қойылған, оның ішінде 11 жылдық Volvo автокөлігі, шаңсорғыш, сынып қалған фотокамералар бар. Оқи отырыңыз: Шілде айында Италияда футболист Криштиану Роналданың суреті бейнеленген дәретxана қағаздары сатылымға қойылған. Осылайша Неаполде спортшының "Ювентус" клубына өткенін қабылдаған.