5 жасар қыздың төрт метрлік питонмен достығы адамдарды таңғалдырды (Видео)
Жыландар жанкүйері қызының жыланды сипалап, оған бетімен сүйкенгенін видеоға түсіріп алған.
Видеоматериал You-Tube арнада жарияланған. https://www.youtube.com/watch?v=OvqzYuCXEjQ&feature=share Видео авторы оқиғаның қайда болғанын жазбаған, бірақ қыздың өміріне еш қауіп жоқ екенін айтқан. Кейіннен анықталғандай, олардың отбасында екі жылан өмір сүреді - Сонни мен Шер. Таң қалдырарлық видео анықтамасында: "Жыландар қанышер жауыздар емес. Оларды оқырмандар арасында үрей тудыру үшін БАҚ-та жиі қауіпті етіп көрсетеді". Комментарийлердегі ойлар екіге бөлінді: біріншілері, бала мен жыланның достығына сүйсінсе; екіншілері әкесіне абай болуды, қызы жыланнын ажал құшса, күнәнің бәрі оның мойынына ілінетінін ескертті.