Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматы облысында апатқа ұшыраған ұшақты пилот мас күйінде басқарған

Алматы облысында апатқа ұшыраған ұшақты пилот мас күйінде басқарған
ашық дереккөз
Алматы облысы Жаркент қаласының маңында болған ұшақ апатына қатысты Азаматтық авиация комитеті жеке компанияның лицензиясын тартып алу жөнінде шешім қабылдаған.
"Тексеру барысында ұшу алдындағы демалу тәртібі дұрыс болмағаны анықталды. Яғни, ұшақ командирі алкогольдік ішімдік қабылдаған. Ал ұшақтағы жүк шамадан тыс ауыр болған. Бұл жағдайлардың бәрі өрескел қателікке жатады. Сондықтан, Азаматтық авиация комитеті әуе компаниясына қатысты қатаң шара қолданып отыр", - деді Азаматтық авиация комитеті ұшу жарамдылығы басқармасының басшысы Тимур Якупов. Оның үстіне, ұшақ тым төмен ұшқан. Қайғылы оқиға былтыр 27-ші шілдеде болған еді. «Қазавиа» компаниясына тиесілі ЯК-12 шағын ұшағы егістік алқабына дәрі сеуіп жүріп төбешікке соғылып, апатқа ұшыраған. Ішіндегі екі адам: 54 жастағы ұшқыш пен 39 жастағы шаруа қожалығының басшысы қайтыс болды. Енді марқұм ұшқыш мас болғандығы анықталды. Борт командирін осындай күйде ұшақ басқаруға жіберген компания енді серитификатынан айрылды. «Қазавиа» 25-тамызға дейін қызметкерлерімен есеп айырысып, салық бойынша берешктерін өтеп барып қана, жұмысын түбегейлі тоқтатуға міндетті.      
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар