5 күн табылмай жатыр: Алматыда екі баланың анасы іс-түссіз жоғылып кетті
Алматылық Мәдина Бәкібаеваны жақындары 5 күннен бері табалмай жатыр
Мәдина Бәкібаева Алматыдағы банктердің бірінде жұмыс істейді.
Жақындарының айтуынша, Мәдина 28 шілде күні жұмыстан шыққаннан үйіне қайта оралмаған. Бірден іздеу жұмыстарына кіріскен жақындары: "Іздемеген жеріміз жоқ"-, дейді.
Қазір 31 жастағы келіншектің жақындары әлеуметтік желі арқылы іздеу салып, полицияға да хабар берген.