Ашуыма тиді: Қарағандыда 19 жастағы қыз ер адамды пышақтап өлтірді
Шахтинск қаласында 19 жастағы бойжеткен 36 жастағы ер адамды бірнеше рет пышақтады
Оқиға 30 шілде күні орын алған. Қарағандының Шахтиск қаласында ашуға булыққан 19 жастағы қыз ер адламды пышақтап, өлтіріп тастады.
Куәгерлердің сөзінше, пәтерлердің бірінен табылған марқұмның жасы небәрі 36-да болған. Оның денесі бірнеше рет пышақталған көрінелі.
Қазіргі уақытта күдікті уақытша тергеу изоляторына қамалған. Тергеу жұмыстары барысында ол өз кінәсін мойындады.