Басты жаңалықтар
Жемқорлыққа жол жоқ: Атышулы президент шенеуніктердің қымбат көліктерінің күл-талқанын шығарды (видео)
- автор kyn.kz
- 2 тамыз, 2018
- 282
Филиппин президенті Родриго Роа Дутерте елдегі шенеуніктердің қымбат көліктерін бір-ақ сәтте талқандап тастады
Филиппин президенті Родриго Роа Дутерте қызметкерлеріне бұйрық берген болатын. Соған байланысты арнайы техника 76 қымбат көліктің үстінен басып өтіп, оларды жарамсыз етіп тастады. Бұл сәтті жергілікті тұрғындар ғана емес, мемлекет басшысының өзі де бақылап тұрған.
Айта кетейік, тізімдегі көліктердің маркалары әр түрлі. Арасында екінің бірі қолы жете бермейтін Lamborghini, Porsche, Mercedes, мотоциклдерден - Harley Davidson сынды темір тұлпарлары да болған.
Талқандалған көліктердің жалпы құны 6,5 миллион долларды құрап отыр.
Құрдымға кеткен көліктер контрабандашылар мен шенеуніктерге тиесілі болған. Осылайша, мемлекет басшысы жемқорлыққа жол жоқ екенін көрсеткісі келген.
https://youtu.be/ofZUgnplycw