Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Доктор Комаровский баланы емізу уақытындағы ережелерді атап көрсетті

Доктор Комаровский баланы емізу уақытындағы ережелерді атап көрсетті
ашық дереккөз
Дәрігер баланы емізген кездегі ананың, әкенің , сондай-ақ қасындағы достарының не істеу керектігін айтты
Дәрігер баланы емізген уақытта анаға әрдайым қолдау болу керектігін айтты. Мәселен, баланы тамақтандырып жатқан уақытта ана не істеу керек?
  1.  Балана дүние есігін ашпай тұрып, баланы емізудің ережесімен танысып алыңыз.
  2.  Бала туғаннан кейін бір сағат өткен соң, бірінші рет тамақтандырғаныңыз дұрыс.
  3.  Білмеген сұрақтарыңыз болса, дәрігерлерден қысылмай сұрай беруіңіз керек.
  4.  Бастысы өзіңіз дұрыс тамақтаныңыз. Себебі балаға дәрумендер керек.
Ал әкесі болса, келесі ережелерді ұстанған жөн.
  1. Әйеліңізге үй жұмысы бойыншақол үшін созуыңыз керек. Себебі ол жеткілікті дәрежеде демалуы керек.
  2. Бала тамақтанып болғаннан кейін, оны қолыңызға көтеріп, кекіруіне көмектесіңіз. Сол кезде оны кеудеңізге қойсаңыз болады.
  3.  Күту жұмыстары бойынша да, әйеліңізге көмек беруіңіз керек. Баланы шомылдырыңыз, онымен бірге таза ауаға серуенге көбірек шығыңыз.
Достары да емізу уақытында келесі ережелерді ұстанса, жас анаға емізу қиынға соқпайды.
  1.  Достары анаға эмоционалдық қолдау беруі керек. Сондай-ақ тамақ әзірлеу, үй жинауға да көмектесіңіз.
  2.  Енді туған сәбидің аға-апалары болса, оларға бас көз болыңыз.
  3.  Жас анаға барынша қолдау көрсетіп, оны уайымға еш салмаңыз. Баланы емізген кезде ана өзіңі сенімді болу керек.
Егер үстіде айтылған ережелерге мұқият қарап, оны бұлжытпай орындасаңыз. бала емізу уақыты жас анаға қатты қиындық әкелмейді. https://www.instagram.com/p/Bl8XykXB3QN/?utm_source=ig_web_copy_link
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар