Басты жаңалықтар

Сайрагүл ханым өзін тегін қорғаған Абзал мырзаға алғысын айтты

Сот отырысынан бостандыққа шыққан Сайрагүл өзінің қорғаушысына ризашылығын білдірді

https://www.instagram.com/p/Bl9kzwqlGMZ/?utm_source=ig_web_copy_link Сайрагүл Сауытбай өзінің қорғаушысы Абзал Құспанға ризашылығын білдірді. "Шын мәнінде осылай болады деп ойлаған жоқпын. Мен балаларыммен енді көріспеймін деп үмітімді үзіп отырған кезімде, қорғаушым Абзал Құспан маған жаңа үміт сыйлады. Оған үлкен рахмет"-,дейді қуанышын жасыра алмай тұрған Сайрагүл. Естеріңізге сала кетейік, этникалық қазақ шекараны заңсыз кесіп өтті деп айыпталған. Алайда тамыздың бірінде болған сот отырысы нәтижесінде, сот үкімі шығып, Сайрагүлді бостандыққа шығарған болатын.