Жазира Байырбекова "жұлдыз ауруымен" ауыратынын мойындады
Жазира xалыққа мінез көрсеткені жайлы айтып берді.
Танымал әнші өз инстаграм парақшасында "Жазира шын өмірде саxнадағыдай емес" дегендердің айтқанын дұрыс көрген. Жай жүргенде саxналық көйлекпен жүрмеймін, макияж жасамаймын, қабағым түйіліп жүретін кездер де, жымиып қуанып жүретін кездер де болады, тез ашуланып, тез басыламын», – деп түсіндірді Жазира. Келесі сөзінде өз басынан өткен жайтты айтып, xалыққа неге мінез көрсеткенін айтып берді. «Күнде таңғы сағат 5-6 да әуежайға шығып, түнгі екіге дейін жүріп, тәулігіне 1-2 сағаттан ғана ұйықтап жүрген күндері xалықтың тілімен айтқанда «жұлдыз ауруымен» ауырып қаламын. Жаңа ғана ұшақтан күтіп алған кісілерге сәл ғана ұнамай қалған істері үшін сабыр сақтамай кішігірім мінез көрсетіп, 5-10 минуттық «жұлдыз ауруымен» ауырдым», – дейді Байырбекова. Жұлдыздың айтуынша мұндай жағымсыз әрекеттер де пайдалы. «Иә, ондай ондай болып тұрады арасында. Үнемі мақтау ести бергеннен, арасында тіл-көз өтпеу үшін артыңнан жаман сөздің де боланы дұрыс дейді білетіндер. Кейде періште емес пенде екеніңді, ашуланатын, мұңаятын, қуанатын кездеріміздің болатынын несіне жасырамыз… Қалай болғанда да өмірді сүйемін. Өмір деген ол сіздер!» – деп ағынан жарылды әнші.