Басты жаңалықтар

Танымал актриса кек қайтарған экс-жігітіне ашуланды

Кейін актриса татуировканың уақытша екенін және жігітке бола мұндай әрекетке бармайтынын жазды.

Бірнеше күн бұрын Айым Сейітметова әлеуметтік желідегі парақшасына қолында татуировкасы бар суретін салып жұртты шулатқан болатын. Сондай-ақ, «Ерте ме, кеш пе, махаббат пен достықта есеп айырысатын уақыт келеді» деп жазып, өзінің сүйіктісімен айырылысқанын білдірген-ді, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі. Кейін актриса әлеуметтік желідегі оқырманына мұның уақытша татуировка екенін түсіндіріп, жігіттер үшін ешуақытта сырт келбетіне өзгеріс енгізбейтінін айтты. «Ер адамға «кекшіл» болған жараспайды. Әсіресе, кек қайтаруға себеп болмаған кезде. Қалай оңай сеніп, мұндай әрекетке баруға болатыны ақылға сыймайды. Стартқа ысқырық, «дайындаламыз» деген сөздер ғана жетпей тұрған сияқты. Дәл қазір болып жатқанға сене алмай отырмын, сол себепті адамдарға ешуақытта 100% сенім артпаңыз. «Әйелдер құлағымен жақсы көреді» деген сөз бар, бірақ сөздерге сенбеңіздер. Шынында басқаша болғанына қарамастан, өзіңді мүсәпір етіп көрсетудің не керегі бар. Адамның іс-әрекеті сөйлейді. Ал ең сорақысы, барлық ситуацияда өзіңдікі дұрыс деп ойлау. Күлкім келеді әрі мұңаямын. Өзіңізді бақытты қылмайтын нәрселермен қоштасудан қорықпаңыздар. Өзіңізді қаттырақ жақсы көріңіз. Себебі, мынандай әрекеттерден кейін саған бәрібір болып кетеді екен. Адамдар барлық нәрсеге тез үйренеді. REST IN PEACE», - деп жазды актриса парақшасында.  width=  width= Әзірге олардың не себепті ренжіскендері белгісіз.