Басты жаңалықтар

«Жүрегім аузыма тығылды». Шаһизада өзінен «ерекше» қызмет талап еткен бір топ жігіт туралы айтты

Әнші өзін қорламақ болған белгілі актердің есімін айтудан бас тартты.

Шаһизада 90-жылдары басынан өткен жайсыз оқиға туралы айтып берді. Алғаш шыға бастаған кезінде той иесі оны теріс мақсатта пайдаланбақ болған екен, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі «Ойбайlife» бағдарламасына сілтеме жасап. «Ондай қауіпті жағдай менің өмірімде өте көп болды. Астанада жақсы бір ағамыздың тойы болған еді. Астанаға ұшып бара жатқанымда белгілі актер, үлкен ағамыз маған қоңырау шалды. «Шаһизада, қайдасың?» деп сұрады. Мен әуежайдан ұшайын деп тұрғанымды айттым. Кешке Алматыда өтетін бір жиын-тойға шақырды. Мен үлгере алмайтынымды айтып едім, «Үлгересің! Керексің!» деді. Ақшасын да келісіп қойдық, мені күтіп алды. Самал жақтағы мейрамханада бір той болып жатыр екен. Сол той иесін де жақсы танимын. Ол кісі Ақтаудағы үлкен тойына шақырып, жақсы құрметтеген болатын. Сол кісінің тағы да бір тойы болып жатыр екен. Яғни мені соған шақырып отыр. Мені көріп «Шәке, қалайсыз?» деп жақсы қарсы алды. Жақсы ән айтып, күліп-ойнадық. Кеткелі жатсам, жібермей қойды. Өзім жолдан шаршап келгендіктен, тезірек демалсам деген мақсат болды. Бірақ, мені жібермеді. «Жоқ, Шәке, кетпеңіз. Қалып шай ішіңіз» деді. Ақыры жеке бөлмеде шай ішейік деп шақырып алды. Біраз әншілер сонда отырған шығар деп бардым. Бөлмеге кіріп барсам, денелері үлкен, шаштары жоқ, түстері суық адамдар отыр. Бірақ ішінде біреуін жақсы танимын. Оны біздің өнер адамдары жақсы айтып жүреді. Өйткені, ол өнер адамдарымен жақсы араласқан. Бірақ, ешуақытта түрін көрмегенмін. Бір уақытта мені сол кісінің қасына отырғызып қойды. Ол кезде жаспын, арықпын. Жігіттердің арасында отырып бір қорқыныш пайда болды. Іштей кеткім келіп отыр. Бір азамат басымнан-аяғына дейін бір қарап шықты. Жалт қарадым да «Қараған көзіңіз тесіп барады ғой. Мен адам емес, маймылға ұқсап тұрмын ба? Мен Шаһизадамын ғой» дедім... Қарама-қарсы отырған жігіттер дірілдеп, менің сөйлегенімді жақтырмай кетті. «Бұған сөйлеуге кім рұқсат берді?!» дегендей түрлері бұзылып кетті. Қасымдағы жігіт басын шайқап, «Мына қызды дұрыстап дайындамаған екенсіңдер» деді. Сол кезде жүрегім аузыма тығылды», - дейді Шаһизада. Әрі қарай әнші ақшасын алып, орнынан тұрып кетіп қалғанын айтты.