Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Туған ұлын өлімші етіп сабаған әке сотта бұндай әрекетке бару себебін түсіндірді

Туған ұлын өлімші етіп сабаған әке сотта бұндай әрекетке бару себебін түсіндірді
ашық дереккөз
Ер адам бұған дейін полицейлерге ұлын көлік қағып кетті деп, жалған куәгерді де өзі дайындаған еді
Мұрат Асқароғлы 5 жасар ұлының «денсаулығына қасақана ауыр зиян келтiрді» деп күдіктеліп отыр. Судья Марал Жарылғасова айыпталуышының жеке деректерінде бекітілген мәліметке сәйкес сот отырысын бастап кетті. Сотта күдікті ретінде танылған 1985 жылғы ер адамның Қазақстан азаматы екені белгілі болды. Мұрат Асқароғлының айтуынша, ол бетон зауытында бейресми тұрде жұмыс істейді. Бұған дейін сотталмаған. Мемлекеттік айыптаушы соттан күдіктіні 2 айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қабылдауын сұрады. Күдіктінің өзі ол іс-әрекетіне өкінетінін айтып, сот залында жылап жіберді. Туған ұлын соққыға жыққанын мойындаған әке ешқайда кетпейтіні туралы қолхатпен босатуды өтінді.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар