Басты жаңалықтар
Қазақстандық миллиардер Абрамовичтен 900 млн-ға не сатып алды?
- автор kyn.kz
- 2 тамыз, 2018
- 351
Сарапшылардың сөзіне сүйенсек, кенішке жұмсалатын жалпы шығын көлемі 5,5 миллиард долларды құрайды.
Бұл жайлы Sputnik.kz жазады.
Қазақстандағы ірі компаниялардың бірі KAZ Minerals Ресейдегі Чукотка автономды округіндегі Баимская мыс кенішін сатып алады. Келісім құны 900 миллион доллар болды.
2008 жылдан бері мыс кенішіне Millhouse компаниясының басшысы, ресейлік миллиардер Роман Абрамович иелік еткен болатын.
KAZ Minerals баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Баимская кен орнының әлеуеті 25 жылға есептелген. Алғашқы он жылда компания 250 мың тонна мыс және 400 мың унция алтын өндіруді көздейді.
Кеніш қоры 9,5 миллион тонна мыс және 16,5 миллион унция алтын деп болжанған. Владимир Кимге тиесілі KAZ Minerals компаниясы бастапқыда бекітілген құнның 75%-ын төлеуге келісті.
Кенішке кететін жалпы шығын 5,5 миллиард доллар деп бағаланады.
2018 жылғы Forbes журналының рейтингі бойынша Владимир Кимнің байлығы 3,1 миллиард доллар деп бағаланып, әлемдік миллиардерлер тізімінде 776-шы орынды иеленді.
Келесі мақала