Басты жаңалықтар

Тұрсын Алагөзов туған ұлын сотқа шақырды

Тұрып жатқан элиталы үйінен шығарылған соң Тұрсын Алагөзов туған ұлы Арсенді сотқа берді.

Бұл жайында еліміздің жоғарғы сотының мәліметтер базасында жарияланған. Арыз Бостандық ауданының сотына 30 шілде күні түскен.  width= Алғашқы сот отырысы 15 тамыз күні өтпек. Айта кетейік, Алматының Бостандық аудандық сотының мәліметінше, пәтер қаладағы жақсы аудандардың бірінде орналасқан. Сатып алу және сату бойынша және тұрғын алаңын жалға алу бойынша жасалған келісімшартқа сәйкес, пәтер Тұрсынғали Алагөзовтің ұлы Арсенге тиесілі. Ол әкесіне пәтерде тұруға рұқсат берген. Алайда 2017 жылдың мамырында сот үкімімен Арсеннің әкесіне берілген сенімхаттың күші жойылып, Тұрсынғали Алагөзов ұлына пәтерді босатып беруге мәжбүр болды.