Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Үндістанда ұрлықшылар 200 киллограмм шаш ұрлаған

Үндістанда ұрлықшылар 200 киллограмм шаш ұрлаған
ашық дереккөз
Үш ер адам Нью-Делидегі париктер жасайтын шеберхананы тонаған.
Бұл жайлы Assosiated Press жазады. Тонаушылар, сатып алушы ретінде шеберханаға кірген. Сатушыға тапанша кезеп шашты ұрлаған. Барлығын есептегенде дайын париктер мен оны өңдеуге арналған шикізатты қосқанда 200 келі шашты қолды болғаны анықталды. Оқиға салдарынан шеберхана иесі қарызға батып кеткен. Кәсіпкер Жангир Хуссейннің айтуынша, осы шаштарды сатып алу үшін ол 17 миллион сомасындағы қарыз алған. Агенттіктің мәліметтеріне сәйкес, шашпен байланысты бизнес Үндістанда жақсы дамыған. Париктер мен шаш өсіруге арналған материалдар экспортының арқасында жыл сайын 300 миллион қаржы түседі екен. Шаштың көп бөлігі қасиетті құрбандық жолында бастарын қыратын ғибадатханаларда жиналады екен. Мысал, Тирупати қаласында жыл сайын жүз тоннадай шаш жиналып, аукциондарда миллион долларға сатылады екен.  
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар