Басты жаңалықтар

Ақышев тағы қателесті: доллар бағамы 346 теңгеден 351 теңгеге бірақ көтерілді

Дүкендерде қарапайым азық-түліктен бастап, дәрі-дәрмек, тұрмыстық техника да қымбаттай түседі.

31 арна мәліметтеріне сәйкес. Теңгенің құнсыздануынан азық-түлік дүкендерінде шет елден әкелінетін қарапайым сағыздан бастап, сусындар мен кір жуатын ұнтаққа дейін қымбаттайды. Қарапайым саудагер әр затқа 5-10 теңгенің қосылғанын сезбегенімен қажетті заттарын түгел алғанда қалтасының әжептеуір қағылғанын байқайды. Курс өзгеруі халық үшін жылжымайтын мүлік алуды мүлдем қолжетісміз етіп барады. Соңғы үш жылда жаңа көліктердің бағасы тек өсіп отыр. Көлік нарығындағы сарапшылар «дәл қазір доллардың 4-5 теңгеге қымбаттауынан автосалондар бағаны көтере қоймас, бірақ шет елден жаңа көліктер легі сатып алынғанда баға бірден шарықтай түседі» дейді. Теңгенің құнсыздануы онсыз да қарапайым қазақстандықтар үшін өте қымбат саналатын - әуе билеттеріне де әсер етеді. Себебі халықаралық рейстер еуро мен долларға сатып алынып, кейін теңгеге аударылады. Тұрғын үй нарығының да бір орында тұрмайтынын «Крыша» басылымы өз парақшасында көрсетті. Қазақстанда тек халықтың айлығы ғана долларға тәуелсіз, тұрақты түрде болмашы ғана. Теңгенің ендігі халі не болады?  Оны басқа түгілі Ұлттық банктің төрағасы Данияр Ақышевтің өзі де  білмейтін сияқты. Өйткені, 21 маусым күні доллар 340-қа жеткенде, Ақышев мырза: «Адамдар жазғы демалысқа кетіп жатыр. Балаларын шетелге жібереді. Ақша айырбастауға асықпаңыздар, былтыр да сондай болған. Курс 340-қа жетіп, қайтадан 320-ға түскен. Сол қайталануы да ғажап емес» деген. Бірақ, 320-ға түспеді, 350-ден асып кетті. Яғни, не Ақышев қателеседі, не адамдардың жазғы демалысы сондай ұзаққа созылып жатыр.