Eurovision -2018 байқауы: Қазақстанның намысын Данэлия Тулешова қорғайды
Қарашада Минск қаласында өтетін «Junior Eurovision Song Contest» байқауына Қазақстан тұғыш рет қытсқалы отыр. Еліміздің атынан Данэлия Тулешова шығатын болады.
Балалар арасында өтетін «Junior Eurovision Song Contest» байқауына еліміз биыл алғышқы рет қатысқалы отыр. Елімідің намысын Данэлия Тулешова қорғайтын болады. Жас әншінің ұстазы бұған дейін музыкалық байқауға қатысуға арнайы материалдың жоқтығын айтқан болатын. Бұл хабарламадан соң əншіге бірқатар ұсыныстар түсіпті. «Данэлияның даусына келетін бірқатар композиция таңдап та үлгердік. Қазір байқауға қатысуға өтінім жазып жатырмыз. Аудио тыңдалымға да дайындық қызу жүріп жатыр»- деді педагог Наталия Чуракова. Әншінің өзі де алда болатын байқаудың əсерімен бөлісті. «Мен байқаудың қаншалықты маңызды екенін түсінемін. Əрі елімізде мыңдаған талантты балалар бар екені рас. Олардың көпшілігін мен танимын. Финалға кім өтсе де, мен Қазақстанның намысын қорғайтын әншіге жанкүйер боламын. Маған керемет əндер ұсынылды. Сол əндерді лайықты орындауға барымды салатын боламын», - деді Данэлия Тулешова. Естеріңізге сала кетейік, «Junior Eurovision Song Contest» байқауы биыл қараша айында Минск қаласында өтетін болады. Қазақстан аталған жобаға тұңғыш рет қатысатын болады.