Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қуат Найман: Қаракөз қыздарымыздың ашық-шашық киініп жүргені кімге ұнасын?

Қуат Найман: Қаракөз қыздарымыздың ашық-шашық киініп жүргені кімге ұнасын?
ашық дереккөз
Отандық спортшы Қуат Хамитов хиджаб мәселесіне қатысты ойын айтты

Отандық ережесіз жекпе-жектің жарқын жұлдызы хиджаб мәселесіне байланысты сұрақтарға жауап берді. Бұл туралы  Nur.kz -ке сілтеме жасап, Kyn.kz хабарлайды.

Спортшы қазақ қыздарының жартылай жалаңаш күйде жүргеніне наразылығын білдіріп, жабық киінуді даттайтындарға жауап берді.

"Қаракөз қыздарымыздың ашық-шашық киініп жүргені кімге ұнасын? Мен намысы бар жігіттер әйелін немесе қарындасын ашық-шашық күйде далаға шығармайды деп ойлаймын. Мен өзім қызғаншақ адам болған соң, болашақта жарымның жабық киінгенін қалаймын. Хиджаб мәселесіне келетін болсақ, мен бұл тұрғыда мүлде қарсылық танытпаймын. Керісінше қолдаймын. Ал хиджабты қазақ салт-дәстүрінде болмағанын айтып жүргендерге айтарым, қысқа көйлек киіп төсті ашып жүру де халқымыздың тарихында болмаған!", - деп қайырды Қуат Найман.

Оған қоса, ол қазақ қыздарының өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шығуына қарсы екенін жеткізді

"Маған көшеде қазақ қызының басқа ұлтты жігітпен кетіп бара жатқаны ұнамайды. Мен барып қасындағы жігіттіңбасынан бір ұрғым келеді. Өкінішке орай, әркімнің өз таңдауы бар мен оған әсер ете алмаймын. Алайда, өз басым мұндайға толығымен қарсымын. Сол себепті мұндай жағдайлардың қайталанбауы үшін біздер өскелең ұрпаққа жақсы тәрбие беруіміз керек.", - деп айтты Қуат Хамитов. https://www.instagram.com/p/BVYGtPvFWMn/?utm_source=ig_web_copy_link  
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар