Басты жаңалықтар

Баласын көшеге тастап кетті: Теміртауда көкек ананы іздеу жұмыстары жүріп жатыр

29 шіле күні бойжеткен бейтаныс бір әйелге баласын тастап, бірнеше минуттан соң оралам деп кетіп қалды. Алайда көкек ана сол күйі қайтып оралмаған.

Оқиға желісімен: 29 шілде күні сәбиімен қыдырып жүрген ана, маңызды кездесуім бар деп, баласын бейтаныс бір әйелге қалдырып кетеді. Ұяля телефонының номерін де берген көрінеді. Алайда бірнеше минутқа кетіп қалған ана, міне бірнеше күн болды әлі қайтып оралмаған.

Қамқоршылық және қорғаншылық секторының жетекшісі Жұлдыз Арилина да бұл ақпаратты растап отыр. Айтуынша, баланың анасы оралмаған соң, бейтаныс әйел  бірден құзырлы органдарға хабарласқан. Ал инспекторлар болса,сәбиді емханаға жеткізіп, көкек ананы іздеу жұмыстарын бастады.

Кейін, балақайдың анасы 1992 жылғы Қарағанды қаласының тумасы екені анықталды. Полицей қызметкерлері оған қоңырау шалып, келуін сұрағанымен, қызым екеуміздің құжатымыз жоқ деп сылтауратып, ол сол беті келмеді.

Ал қамқоршылық органы болса, балақайды анасына бірден бере салмайтынын ескертті.

"Ол анасы екенін дәлелдеуден бөлек, балақайды одан әрі асырап-баға алатынын дәлелдеуі тиіс", - дейді Жұлдыз Арилина.

Көкек ана табылғаннан кейін,  әкімшілік жазаға тартылады. Ал дені сау балақай уақытша балалар үйіне жіберіледі.