Басты жаңалықтар
Жақында тұрмысқа шығатыны жайлы айтқан Жәния Джуринская елді таңқалдырған мәлімдеме жасады
- автор kyn.kz
- 3 тамыз, 2018
- 322
Актрисаның инстаграм парақшасында белсенділікті арттыру үшін істеген әрекеті қолданушылардың ызасын келтірді.
Актриса Жәния Джуринская таяуда ғана тұрмысқа шығатынын айтып, желідегі парақшасында «Мен «иә» дедім» деген жазба қалдырған еді. Алайда ендігі бойжеткен ел күтпеген мәлімдеме жасап, көпшіліктен кешірім сұрады.
Джурнискаяның сөзінше, ол тұрмысқа шығатыны туралы өтірік айтқан. Себебі…
«Менің желідегі парақшам көз алдымда төмендеп барады. Сондықтан кейде тұрмысқа шығатынымды, жүкті екенімді айтып, сіздерді алдап тұрамын. Мұндай әрекетті парақшамда белсенділік болу үшін жасадым», – деп жазды актриса Instagram-парақшасында.
Сондай-ақ, ол көпшіліктен өзін түсінуін өтініп, кешірім сұрады.