Тұрым Алагөзов: менің үйімді де тартып алуы мүмкін (Видео)
Бизнесмен Тұрсын Алагөзовты туған баласы үйден қуып жатқанда, Тұрым Алагөзов болып жатқан жайттарға қатысты ойын инстаграмда білдірді.
Түрсен Алагөзов пен ұлы арасындағы үй мәселесіне қатысты дау-дамайдың сот ісі жүріп жатқанда Тұрым Алагөзов инстаграм парақшасында философиялық пост жариялаған. "Ештеңе мәңгілік емес... Күллі xалық жойылып кетеді, теңіз де тартылып қалғанда, адам мен үй туралы айтудың да қажеті жоқ. Менің де үйімді тартып ала алады, бірақ осы үйдің тұрғыны болғанша оны тазалықта ұстауым керек, себебі онда мен тұрамын. Абырой жайлы білетін адам. Бұл үйдің келесі иесі кім болатыны маған бәрібір. Бастысы, бұған дейінгі иесі жайлы ешкім жаман айтпайды", - деп жазған композитор.
Бұл жазба қолданушылардың комментарийлерде пікрталасын тудырды. "Сіз өте көреген адамсыз! Алла сізге денсаулық берсін!", "Баласы әкесінен үйді тартып алып жатыр. Әрине, ұлы кінәлі, барлығын істеп отырған экс-әйелі", "Сіздің сөздеріңізде қаншама ой жатыр. Сізді Алла қорғасын". "Бізде, қазақтарда аталар ешқашан өз немерелерінен бас тартпаған. Ал сізге қарасақ, бас тартып та, немере сыйлаған емес, отбасыны бұзған әйелді жақсырақ келін көріп отырсыз! Ұят!", "Есесіне Түрсеннің бұрынғы әйелі көлігімен, үйімен, қыпша белімен әр жерде мақтанбайды. Экс-әйелі бәрін үндемей істейді. Ақылды әйел! Балаларына да жақсы тәрбие берген", "Аллам өзі әулиет иелеріне күш беріп, бала мен әке арасындағы дау-дамай шешімін тапса болар", - деген комментарийлерде болды.