Басты жаңалықтар

Балаларды 1 сыныпқа қабылдаудың тәртібі өзгерді

Биыл ата-аналар балаларын оқытатын мектепті өздері таңдап, электронды түрде өтініш білдіре алады.

Бұл жайлы Sputnik.kz жазады. Жаңа оқу жылынан бастап қазақстандық ата-аналар тұрғылықты мекенжайына қарамастан, балалары оқитын мектепті өздері таңдай алады. Стартегия, цифрлық технологиялар сараптамасы бөлімінің басшысы Жазира Асанованың айтуынша, бұдан былай ата-ана немесе баланың заңды өкілі өздері таңдаған мектепке e.astana.kz сайты арқылы өтініш бере алады. "Баланың қауіпсіздігі мақсатында ата-аналарға жақын маңдағы мектепті таңдауға кеңес береміз. Егер ата-ана нақты бір мектепті таңдағысы келсе, оған 30 тамызға дейін қол жеткізе алады. Балаларды қабылдау жыл бойына жүргізіле береді", — деді әкімдік қызметкері. Е.astana.kz сайтына электронды өтініш берген кезде, "Бірінші сыныпқа тіркелуге құжаттарды қабылдау" бөлімінде болашақ бірінші сынып оқушысының туу туралы куәлігінің, мектеп басшысының атына жазылған өтініштің және медициналық төлқұжаттың бірінші бетінің сканерленген көшірмесі мен екі 3*4 суретті жүктеу керек.