35 жастағы ер адам 7 жасар қызға үйленіп, кейін оны аяусыз өлтіріп тастады
Ауғанстанда 7 жасар қызға үйленген ер адам, 2 жылдан кейін оны буындырып өлтірді
Ер адам 7 жасар қызды өзіне күштеп үйлендіріп, екі жылдан соң аяусыз буындырып өлтірді. Оқиға Ауғанстанда болған екен. Жетідегі баланы ата-анасы күштеп тұрмысқа берген. 9 жасқа енді келген бүлдіршін, 37 жасындағы күйеуінен зорлық көріп, қолынан ажал құшты. Қыздың есімі Самия екен. Ал күйеуі Шарафуддин Ауғанстанның заңнамасын әу бастан бұзып отыр. Өйткені ол елде 16 жасқа толған бойжеткендер ғана тұрмысқа шыға алады. Ал бейкүнә қызды не үшін өлтіргені болса, сол күйі сұрақ күйінде қалып отыр. Ер адам қылмыс жасағаннан кейін, бірден қашып кеткен. Қазір полиция Самияның әкесінен жауап алып жатыр. Оған қыз баланы күштеп тұрмысқа берді деген айып тағылып отыр. Ер адам бастапқыда байырғы дәстүрге сүйеніп, қызын ұзатқанын алға тартса, кейіннен 7 жасар бүлдіршінді 13,5 долларға сатып жібергенін мойындапты. 35 жастағы ер адам қыз баламен жыныстық қатынасқа түсті ме, жоқ па, әлі белгісіз. Қазір құзырлы органдар қашқынды іздеп жатыр.