Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Күйзелістен арылуға көмектеседі: Ғалымдар ерекше тағам түрлерін анықтады

Күйзелістен арылуға көмектеседі: Ғалымдар ерекше тағам түрлерін анықтады
ашық дереккөз
Зерттеу нәтижесінде жасұныққа бай азық-түлік күйзелістен арылуға көмектесетіні дәлелденді
Корктегі Ирландия ұлттық университетінің ғалымдардың анықтауы бойынша, құрамында жасұнық мөлшері көп тағамдарды жиі пайдалану жан күйзелісінің адам ағзасына зиянын азайтады. The Journal of Physiology журналында жарияланған мақалада жазылғандай, соңғы уақытта зерттеушілердің басым көпшілігі беймазалық, депрессия және тағы басқа күйзелістің түрлері бактериялармен тығыз байланысты екенін алға тартады. Демек, созылмалы стресс ішектерің жұқаруына әкеп соқтыруы мүмкін, салдарынан тағам қалдықтары мен бактериялар қантамыр жүйесіне түсіп, қабынуға алып келеді. Ирландиялық ғалымдар бұл процестің алдын алу мүмкін бе, тамақтану тәртібі арқылы күйзелісті жеңілдетуге бола ма деген сұрақтарға жауап іздеп көрді. Олар лабораториялық тышқандардың екі тобына әртүрлі стрестік жағдай туғызып, бір топтағы тышқандарды жасұныққа бай тағамдар – көкөністер, бұршақ тұқымдастар, дәнді дақылдармен қоректендірді. Жасұнық тоқ ішекте қысқа тізбекті май қышқылдарын туғызып, олар өз кезегінде бактериялармен күреседі екен. Нәтижесінде жасұнықпен қоректенген тышқандардың ас қорытуы жақсарып, сынақтарды бұлжытпай орындап, беймазалық деңгейі төмендеген. Ғалымдар түсіндіріп өткендей, жасұнықты күнделікті рационда пайдалану жан күйзелісін төмендетуге көмектеседі. Дегенмен осы бағытта тереңірек зерттеулер жүргізу қажет.  
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар