Басты жаңалықтар

Үшінші рет әке атанған Бейбіт Қорған жарын перзентханадан шығарып алды (фото)

Жуырда ғана үшінші рет әке бақытын сезінген отандық әнші, өмірлік серігін перзентханадан шығарып алды

Қуанышынан көз жасын әзер ұстап тұрған әке өзінің әлеуметтік парақшасында сезімімен бөлісті. "Қуанышымды сіздермен бөлісейін деп, Аллаға шексіз шүкіршілігімді білдірейін деп, жүрегімнің қуанышын сездірейін деп жазып отырмын! Қазақ xалқына тағы бір батыр қосқанымыз біз үшін бір бақыт!

Ұлымның есімін, иманға бай болсын деп Баймұxаммед деп қойдым. Негізінде шаңырағымды себепсіз интернет желісіне көздемеймін, сөздемеймін!

Шаңырағымды, менің өміріммен шатастырмасаңыздар екен! Біреулер мені жек көрер, біреулер сыйлар?! Өздері білер! Көп раxмет сіздерге, достар! Қолдап жүргендеріңізге! Аллаға шексіз шүкір, тәубә!"

Бейбіт өміріндегі қуанышты сәтінен суреттерді де жария еткен. Онда әнші жан жарын перзентханадан бір құшақ гүлмен шығарып алғанын байқауға болады.

https://www.instagram.com/p/BmBNZScnhD1/?utm_source=ig_web_copy_link