Басты жаңалықтар

«Мама, менің мұңым сенен бөлек кімге керек». Дениске ән арнаған Ninety one тыңдармандарды жылатты

Әнші: Шыны керек, соңғы кездері қиындау болып кетті. Бірақ ғажайыптарға сене білу керек

Кезекті концерттердің бірінде Ninety one тобы марқұм Денис Тенге ән арнап, тыңдармандардың жүрегін елжіретті. Залға жиналған қауым әнді топпен қосылып орындады, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі. «Бұл ән арқылы boy-дан men-ge өтудің боймен өлшенбейтінін дәлелдегіміз келді. Қазір боймен жарысатын заман емес, барлығы сәл басқаша. Соңғы уақытта болып жатқан оқиғаларға байланысты осындай мәтін шықты. Шыны керек, соңғы кездері қиындау болып кетті. Бірақ ғажайыптарға сене білу керек», - деді топ лидері әнді бастамас бұрын.