Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Мақпал Жүнісова жас кезіндегі суретімен жұртты тамсандырды

Мақпал Жүнісова жас кезіндегі суретімен жұртты тамсандырды
ашық дереккөз
Желі қолданушылары Шаһизада мен Мақпал Жүнісованы құрдас деп ойлаған.
Мақпал Жүнісова әлеуметтік желідегі парақшасында кезекті суретін бөлісіп, жұртты тамсандырды. Көпшілік әншінің жас күніндегі келбетінің ұнап қалғаны туралы жазып жатыр. Әншіге бұл суретті өнердегі әріптесі Шаһизада жіберген екен, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі. «Шаһизада 1985 жылғы сурет жіберіпті, әдемі шақ еді, раxмет, Шаxа!» деп жазды әнші суреттің тұсына. Желі қолданушылары әншінің сұлулығына ерекше тамсанғандарын жеткізіп, ақ тілектерін жаудырды. «Қандай әдемісіңдер. Өлеңдеріңді айтып, елдің батасын алып жүре беріңдер». «Әрқашан жайнап жүресіз ғой», «Сонда Шаһизада ханым екеулеріңіз құрдассыздар ма?», «Сіз ғана ерекше әдемісіз ғой» деп жазды Мақпал Жүнісова. Өз кезегінде әнші «Суретте Шаһизаданың курстастары. Мен сол жатақханада 9 жыл тұрғанмын. Суретке түсейік деген соң түсіп едім» деп жауап берді.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар