Жартылай жалаңаштанған Исабекова жаттығуды қалай жасайтынын көрсетті (видео)
Желі қолданушысы: Ішкиіммен жүргенің тым артық. Лосины кисең болар еді ғой.
Мақпал Исабекова әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы денесін қалай шынықтыратыны көрсетілген видеосын бөлісті. Көпшілік өздеріне ұнап қалғанын жазып жатыр, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі. «Мұны қолыңыз қалт етсе жасауға болады. Кемінде 50 рет жасау керек. Қазір қалай жасау керектігін көру үшін. Қызық болса, тағы да бір-екеуін бөлісе аламын. Сырт келбетім үшін кешірім сұраймын. Себебі, киімімді ауыстыру үшін киініп үлгермедім. Сіздердің сұрақтарыңызға жауап беріп, бассейн маңында жатырмын», - деп жазды ол видеоның тұсына.
Көпшілік әншінің жаттығуларының ұнағаны туралы жазып жатыр. «Менің музам», «Жарайсың», «Сен қалай оңай жасап жатырсың? Мен олай жасай алмайды екенмін», «Ішкиіммен жүргенің тым артық. Лосины кисең болар еді ғой», «Теледидар алдында жатқан кезде мен де осылай жасаймын», «Макося, сіз жарайсыз. Сізді жақсы көремін. Мен тек 20 рет жасай аламын» деп жазды желі қолданушылары.