Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ақтөбеде демалыс орындарының бірінде 15 жасар жасөспірім суға батып кетті

Ақтөбеде демалыс орындарының бірінде 15 жасар жасөспірім суға батып кетті
ашық дереккөз
Қайғылы оқиғадан кейін, демалушылар ол жерде мүлде шомылу өте ыңғайсыз әрі қауәпті екенін айтқан.
Оқиға желісімен: 29 шілде күні, даланың ыстығына шыдамай, 3 бойжеткен "Алау" жеке меншік жағажайына барды. Шомылған уақытта, қыздар суға батып, айқайға басады. Бақтарына орай, жақын маңда үлкен кісілердің барына байланысты, олар бірден көмекке келді. Бірақ, екі қызды құтқара алғанымен, үшінші қызды сол күйі таба алмады. «Біз де осы жағажайда болғанбыз. Онда жағалау 7 метрге дейін жайпақ, ал кішкене жүрсең бірден тереңдеп кетеді. Өте қауіпті жағажай. Алға қарай кішкене жүре қалса шомылу білмейтін адам сөзсіз батып кетеді. Қыз суға батып бара жатқанда жағажайдың дәл ортасында екі жігіт отырды. Құтқарушылар ма, басқа біреулер ме ол жағы белгісіз, бірақ олар айналасына бұрылып та қарамады»,-дейді оқиға куәгері. Суға батып, қайтыс болған жасөспірімнің апайының үйіне демалысқа келгені анықталды. Сол күнгі ыстық жексенбіде ол жағажайға құрбысы және әпкесімен бірге келген. «Бұл қорқынышты оқиға біздің дәл көз алдымызда орын алды. Әлі күнге дейін өзіме келер алар емеспін. Салғырттық. Қыздар суға батып бара жатқанда екі адам ғана оларды құтқаруға ұмтылды. Ал, қалғандары жай қарап тұрды. Ер адамдар құры қарап тұрмай, бұл көріністі суретке түсірумен болды. Ал, онда не құтқарушылар да болмады»,-дейді Любовь Москальчук.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар