Басты жаңалықтар

Данияр Елеусінов: Мен өз елімнің мақтанышы болғым келеді

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов Boxing Monthly журналына өзінің болашақ арманы мен жоспары туралы ашық айтты

Жас спортшының айтуынша, оның алғашқы армандарының бірі Рио қаласында болған Олимпиада да орындалған екен. Содан кейін, Данияр өзіне жаңа мақсаттар қойды. «Абсолютты әлем чемпионы болу үшін тынымсыз еңбек ететін боламын. Мен бәріне қолжеткізгім келеді. Бай, миллионер, миллиардер болғым келмейді деп сіздерді алдағым келмейді. Ол жалған болар еді. Мен атақты болып, өз елімнің мақтанышы болсам деймін», - деді Елеусінов. Бүгін  Данияр Елеусінов  Кардиффте Габор Горбичпен жұдырықтасады. Естеріңізге сала кетейік, Елеусінов 30 жастағы венгр боксшысы Габор Горбичпен  Лондонда 6 шілде күні кездесуі тиіс болатын. Алайда Горбичтің қабағының жарылуына байланысты жекпе-жек өтпеді. Аоайда қазір ол  жарақатынан айығып, қазақстандық қарсыласымен кездесуге  дайын екенін айтты. Сондай-ақ, салмақ өлшеу рәсімі жекпе-жек алдында өтетін болады.