Басты жаңалықтар

Билет болған жоқ: Ақтөбе облысының тұрғыны Ақтауға жеткізген таксиге 90000 теңге төлеген

Ақтөбе облысынан Ақтауға шыққан такси 1185 шақырым жүрген.

1 тамыз күні "Максим" сервисі жүргізушісі Қазақстандағы ең ұзақ сапарға шыққан. Жас жігіт Қандағаштан таксиге тапсырыс берген. Ол Ақтау аэропортына жетіп, ары қарай xалықаралық байқауға ұшпақшы болған. Жол 20 сағатқа созылған, ал оның бағасы 89 000-ға жеткен. Жүргізушінің айтуы бойынша, жолаушы пойыз бен ұшаққа билет болмағаннан таксиді таңдаған, сапар оның көңілінен шыққан.