Басты жаңалықтар

Бір үйдің үш қызы әкелерін қалай өлтіргендері видеоға түсіп қалған

Мәскеуде болған отбасылық қылмысқа қатысты тергеу жалғасуда.

Ресейдің Тергеу комитеті үш апалы-сіңлі туған әкесін өлтірген кезде подъездегі бақылау камерасына түсірілген видеоны жариялады. Ролик ведомствоның "Твиттер" парақшасында пайда болған, деп хабарлайды life.ru. "Мәскеулік тергеушілер бақылау камераларындағы видеоны зерттеп жатыр", — делінген хабарламада.

Кадрларда анық көрінгендей, қыздардың бірі пәтерден шығып, екі қолымен бетін жауып, есік алдында әрлі-берлі жүреді. Содан кейін пәтерге қайта кіріп кеткен. Айта кетсек, 27 шілде күні Мәскеуде 17, 18 және 19 жастағы үш апалы-сіңлі туған әкесін өлтірген. Олар әкесі ұйықтап жатқанда шабуыл жасап, 36 рет пышақ салған көрінеді. Қыздар жантүршігерлік қылмысқа әкесінің өздеріне жасаған айуандығының кесірінен барғанын түсіндіреді. Қазір де апалы-сіңлілер екі айға қамауға алынған.