Басты жаңалықтар

Шымкенттік тәртіп сақшылары оңбай ұятқа қалды (видео)

Көлік аңдимын деп тұрып ұятқа қалған қызметкерлер желіде қызу талқыға түсті

Әлеуметтік желіде тәртіп сақшыларының қатысуымен болған бейнежазба біреуінің күлкісін келтірсе, енді біреуінің намысына тиді. Оған себеп те жоқ емес.

Руслан Жанпейісов есімді азамат өзінің парақшасына видео жүктеді. Онда жүруге тыйым салынған бағытта тұрақтап тұрған патрульдік полицей көлігінен шыққан тәртіп сақшысы жолдың қарсы бетінде кетіп бара жатқан көлік жүргізушісін тоқтатады. Ал бұл жағдайды куәгер видеоға түсіріп тұрғанын байқаған полицейлер алды-артына қарамастан қаша жөнеледі.

Автордың айтуы бойынша, оқиға Шымкенттегі Ақпан батыр көшесі мен  Тәуке xан даңғылы қиылысына жақын маңда орын алған екен.

Ал  куәгерден қаша жөнелген тәртіп сақшылары 955 нөмірлі экипаж қызметкерлері екені анықталды.

https://www.instagram.com/p/BmCok6FgvfE/?utm_source=ig_web_copy_link Желі қолданушылары болса, күлкіге қарық қылған полицей қызметкерлерін жерден алып жерге салды. "Ұят", "Масқара" деп пікірлерін білдіріп жатты.