Басты жаңалықтар

Таксист бір минут бойы көлікті ұйықтап жүргізген (видео)

Қытайдың Шэньчжэнь қаласында такси жүргізушісі ұйықтаған қалпымен көлікті бір минут тізгіндеген.

Қытайда  орын алған бұл оқиға жұрттың үрейін туғызды. Абырой болғанда, жолдың қарсы бетінде келе жатқан көліктер аз болды. Сондай-ақ рөлді бұрып жібергенде қоршауға соғылып, ешкім зардап шегіп үлгермеген. Кейін анықталғандай, жүргізуші түнгі ауысымнан келе жатқан екен. Түнімен жұмыс істеп, шаршағаннан ұйықтап қалған. https://youtu.be/9DvgN02A9f0 Жүргізушінің рөльде отырып ұйықтап қалғанын менеджерлер тексеру жұмыстары нәтижесінде ғана анықтаған. Бейнежазбаны көрген олар жағаларын ұстады. Ал көлік жүргізіп ұйықтап қалған ер адам  қауіпсіз жүргізу ережелерін бұзып отыр. Енді ол қалалық такси жүргізушілер ассоциациясының қара тізіміне кіруі әбден мүмкін.