Басты жаңалықтар

Нұрсұлтан Назарбаев Ресейде болған қайғылы жағдайға орай Путинге көңіл айтты

Мемлекет басшысы көрші елде болған қайғылы оқиғаға байланысты Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады

Елбасы 18 адамның жанын алып кеткен тікұшақ апаты туралы хабарды үлкен қасіретпен қабылдағанын жеткізді.

«Қазақстан халқының атынан және өзімнің атымнан қайтыс болғандардың отбасыларына, туыстары мен достарына көңіл айтамын», - делінген жеделхатта.

Естеріңізге сала кетейік,  4 тамыз күні сағат таңғы ондар шамасында  Краснояр аймағындағы Игарка ауылының маңында ресейлік Ми-8 тікұшағы апатқа ұшырап 18 адам ажал құшты.  Олардың үшеуі экипаж мүшесі болса, қалғандары тасымалданған мекеме қызметшілері.