Басты жаңалықтар

Өз тойында камазбен қыдырған жас жұбайлар желіні таңғалдырды

Әлеуметтік желіде тойында камазбен қыдырып жүрген жұбайлардың бейнежазбасы халықты тәнті етті

Әдетте той десе, қазақтың көз алдына қымбат көлік, қымбат мейрамхана елестейтіні қалыпты дүние болып кетті. Алайда аталмыш бейнежазба куәгерлері таптаурынды бұзған  ерекше тойдың куәсі болып отыр.

Онда жастар тойға қымбат автоға емес, қуанышқа сай сәнделген  жүк көлігіне мініп келді.

Көпшілік  болса, жастардың қарапайымдылығына тәнті болып, екі жасқа тек бақыт тіледі.

https://www.instagram.com/p/Bl-8QOvAFOm/?utm_source=ig_web_copy_link