Басты жаңалықтар

Миражан! Жасай бер: белгілі саясаткер Меруерт Түсіпбаеваны селфи жасауға шақырды

Қоғам қайраткері, журналист Әміржан Қосанов Сайрагүлдің сотында отандық жұлдызға риза болғанын жеткізді.

Әміржан Қосанов мырза өз инстаграм парақшасында Меруерт Түсіпбаевамен сурет жариялаған. Жаркентте Сайрагүл ісіне байланысты сот отырысында түсірілген фото екен. Саясаткер өз постында: "Өткен жолы сотқа барып, Мира Тусупбаева секілді өнер жұлдызын көріп, кәдімгідей риза болып қалдым" - деп, жұлдыздың тек сотқа қатысып қана қоймай, журналистерге жақсы пікірлер айтқанын жазған. Әміржан Қосанов жалпы осы жағдайға байланысты: "Жаркенттегі Сайрагүлдің соты қазақ үшін, әсіресе, зиялы қауым үшін бір қоғамдық тест, моральдық сынақ болып тұр", - деп баға берген екен. Сөз соңында әншімен кездейсоқ фотоға түскен саясаткер оған "жақсылап селфи жасайықшы" деп өтініш білдірген.